| Бұл парақшаға хош келдіңіздер! Бұл Жазықбеков Жақыпберді Мұқанұлы (Жақай) жайлы парақша. |
Жақай бауырым, тел өскен едік
Бірге армандап, кеңескен едік
Бес күндік мына жалған өмірде
Қабақ шытысып, егеспеп едік.
Мінезің көркем, пейілің қандай,
Секілді еді өмірің алда-ай
Сен мен үшін бозбаладайсың
Өмірді сүйген мейірі қанбай.
Ашуланбайтын, жадырайтұғын
Азамат едің қажымайтұғын
Ажалдың айтып келмейтіні рас
Күн туды сенен ажырайтұғын.
Естисің ба екен тіл қатқаныммен
Өзіңе арнап жыр сақтап жүр ем
Өмірің енді жалғасып жатыр
Артыңда қалған ұрпақтарыңмен.
Ешкім қалмайды мына жалғанда
Шарасыз пенде, сұм ажал барда
Өмірдің соңы өкініш деген
Кетеді бәрі бірақ арманда.
Тіршілігіңде бауырмал едің
Ағайын-туыс, бауырлар келіп
Құлыптас қойды құрбы-құрдастар
Шығарып салды арулап елің.
Бірлік Жазықбеков 2022 жыл
|
|